Вакцина алған қазақстандықтар Түркияға кедергісіз кіре алады

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Түркия 2021 жылдың 1 маусымынан бастап елге кіру ережелерін өзгертті, деп хабарлайды "Экспресс К".

Ресми Анкара маусымның бірінен бастап, біршама елдердің азаматтарының Түркия еліне кіру ережелерін өзгертіп отыр. Бұл, әлбетте әлемдік пандемия қаупінің алдын-алу мақсатында екені түсінікті.

Ережеге сәйкес бір қатар талап қойылған елдер ішінде Қазақстан да бар. Мәселен, Қазақстаннан келген жолаушылардан тиісті мемлекеттің ресми органдары тарапынан рәсімделген төмендегі құжаттардың бірі ұсынылған жағдайда, ПТР тесттің теріс нәтижесі талап етілмейді:

1.Түркияға келуден кем дегенде 14 күн бұрын вакцинацияланғаны туралы ресми құжат;

2. Соңғы 6 айда коронавируспен ауырғаны және жазылғаны жайлы құжат;

Аталған құжаттар болмаған жағдайда, төмендегілердің біреуі ұсынылуы керек:

•Түркияға кірерден бұрын соңғы 72 сағат ішінде жасалған ПТР тесттің теріс нәтижесi;

•Түркияға кірерден бұрын соңғы 48 сағат ішінде жасалған жедел антигенді анықтау тестінің нәтижелері;

Сонымен қатар, Түркия билігі төмендегі біраз елдердің тізімін жасап, оларға арнайы ережеде ендіріп отыр.

1. Ауғанстан, Бангладеш, Бразилия, Оңтүстік Африка Республикасы, Үндістан, Непал, Пәкістан және Шри-Ланкадан келген немесе соңғы 14 күнде осы елдерде болған жолаушылар соңғы 72 сағат ішінде жасалған ПТР тесттің теріс нәтижесін ұсынуы қажет. Аталған елдерден келген жолаушылар 14 күндiк карантинге алынады. Карантиннің соңында ПТР тест нәтижесі теріс болса, карантиндік шара тоқтатылады.

2.Ұлыбритания, Иран, Мысыр және Сингапурдан келетін жолаушылардан соңғы 72 сағат ішінде жасалған ПТР тестінің теріс нәтижесі талап етіледі.

3. Алғашқы екі тармақта көрсетілген елдерден келетін жолаушылардан басқа, Түркияға келетін тұлғалардан ПТР тестін әуежайда немесе бақылау-өткізу пункттерінде өту талап етілуі мүмкін. Бұл жағдайда талдау үшін сынамалар алынғаннан кейін жолаушыларға әрі қарай (үйге, қонақ үйге, тұрғылықты жерге) баруға рұқсат беріледі. Тесттің нәтижесі оң болса, жолаушылардың тиісті емдеуден өтуі қажет болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров