Экологиясы нашар станция тұрғындары қалаға көше алмай жүр

Экспресс К

© ЭК

Атырау облысының Мақат ауданына қарасты Ескене темір жол станциясының тұрғындары 10 жылға жуық уақыттан бері облыс орталығына көше алмай жүр.

Ал жұрттың мұңына ешкім құлақ асар емес, деп жазады "Экспресс-К" тілшісі.

Қарабатан аймағындағы "Болашақ" мұнай айыру зауыты ашылғалы бері мұндағы экологиялық ахуал нашарлап, түрлі аурулар белең ала бастаған. Бұрнағы жылдары мұндағы 50 шақты үйде 300-дей тұрғын болған. Қазір оның тең жартысы ғана қалды. Балалар мен жастар түгелдей қалаға кетті. Өйткені мұнда мектеп, балабақша, медициналық пункт жоқ. Тіпті әлі күнге табиғи газ желісіде тартылмаған. Сондықтан қыста қолы жеткендер көмір, жағдайы жоқ отбасылар тезек теріп жағып отыр.

© ЭК© ЭК
© ЭК

Жыл сайын экологиялық ахуалы мен бірге экономикалық жағдайы да қиындап бара жатқандықтан тұрғындар жергілікті билікке "бізді қалаға көшіріңдер" дегенімен шенеуніктер құрғақ уәде берумен келеді дейді тұрғындар.

Әкімшілік табиғат қойнауын пайдаланушы компаниялармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз дегенімен, нақты шешім қашан қабылданары әлі белгісіз.

Жалпы,өңірде мұндай тәжірибе бар. 2012 жылы жер астындағы қазба байлығы таусылып, экономикалық жағынан тиімсіз болып қалған Байшонас, Қошқар ауылдары толығымен облыс орталығына көшірілген болатын. Ол кезде көші-қонды мұнай компаниялары қаржыландырды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров