«Ashyq» қосымшасында вакцина алғандардың мәртебесі өзгереді

Оскар БЕК

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Келесі аптадан бастап елде екпе алғандарға «Ashyq» қосымшасында «жасыл» мәртебе беріледі, деп хабарлайды «Экспресс-К».

Бұл туралы онлайн өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

Келесі аптаның басында барлық вакцина салдырғандар "Ashyq" қосымшасында "жасыл" мәртебеге ие болады деген жоспарымыз бар.

деді Мусин.

Қазіргі уақытта осы жүйенің қалай жүзеге асатыны пысықталып, Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмыстар жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, "Ashyq" қосымшасы осыған дейін іске қосылғанмен, онда вакцина салдырғандардың мәртебесі айқындалмай келеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров