Батыста 36 тоннаға жуық қызыл балық тәркіленді

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Қазақстанның батысында жыл сайынғы «Бекіре-2021» балық қорғау акциясы аяқталды.

Акция барысында 1262 адам жауапкершілікке тартылып, заң бұзғандарға 15 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды "Экспресс-К".

Акция өткізілген екі айда "Жайық-Каспий" облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері, құқық қорғау және өзгеде қоршаған ортаны қорғау органдарының және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 1262 дерегін анықтап, жолын кесті. Нәтижесінде 862 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды,- деп хабарлады Атырау облысы бойынща Жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы. Сонымен қатар, браконьерлерге қатысты 114 іс сотқа жолданып, оның 56-сына қылмыстық іс қозғалды. Заң бұзушыларға 15 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Заңсыз айналымнан 35,7 тоннадан астам балық алынды, оның ішінде 4 тонна 612 кг бекіре тұқымдас балық түрлері, 908 бірлік балық аулау құралдары, 23 бірлік автокөлік және 95 бірлік су көліктері алынды

дейді аумақтық инспекция өкілдері.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров