Білім бөлімінің басшысы өзіне қол салды

Диас АЛТАЙ

Қалыбек Жүгінісов / instagram.com/kalybekbaizhanovich

Қайғылы оқиға 2 маусымда Қостанай облысындағы Боровская ауылында болды.

Меңдіқара ауданы білім бөлімінің басшысы Қалыбек Жүгінісов сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен екі апта үй қамақта жатқан, деп хабарлайды "Экспресс К", nege.kz-ке сілтеме жасап.

Ал әйелі Қостанайға кеткен күні ол өз-өзіне қол салған. Меңдіқара аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азамат Жанайдаров Қалыбек Жүгінісовтің Қызылорда облысы Арал қаласында дүниеге келгенін айтты. Ол 2015 жылы Қостанай облысына келіп, Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары қызметіне кіріскен. Осыдан үш жыл бұрын аудандық білім бөлімінің басшысы болып тағайындалған.

Біздің ұжым ол кісіні қатты құрметтейтін. Ол үнемі барлығына көмектесіп, жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарайтын. Қалыбек Жүгінісовтің өлімі бізді есеңгіретіп тастады. Бұл біз үшін орны толмас қайғы. Отбасының қайғысына ортақпыз

деді Азамат Жанайдаров.

Айта кетейік, марқұм Қалыбек Жүгінісовтің артында әйелі мен үш баласы қалды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров