Данияр Елеусінов промоутерімен келісім-шартын үзді

Экспресс К

instagram / eussinovdaniyar

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) ұлыбританиялық промоутер Matchroom-мен ұзақ мерзімді келісім-шартын үзді.

Бұл туралы Олимпиада чемпионының менеджері Зия Әлиев айтты, — деп хабарлайды "Экспресс-К" Vesti.kz ақпаратына сүйеніп.

Matchroom және Эдди Хирнмен келісім аяқталғаны бұған дейін-ақ белгілі болған. Бірақ тараптар өзара келіссөз жүргізіп жатқан еді.

Біз келісімге келген жоқпыз. Олардың көзқарасы біздікінен бөлек. Келісім-шарт аяқталды. Қазіргі таңда басқа тараптардан бірнеше ұсыныс алдық. Солардың біреуін таңдаймыз

деді Әлиев.

Қазір Қазақстандық боксшы жаңа промоутерін таңдап жатыр.

Нұсқалар өте көп. Себебі Данияр IBF рейтингінде сегізінші тұр. Ұсыныстар бізге сәйкес келуі керек. Сондықтан осылай созылып кетті. Даниярдың жекпе-жегі тамызда болады

деді менеджер.

Жақында кейбір спорт сайттары Данияр Елеусіновтің өзі кәсіпқой бокста әлемде ең мықты атанып, чемпион белбеуін жеңіп алу үшін көмектесетін жаңа промоутермен келісім-шарт жасауды тағатсыздана күтіп жүргенін жазған еді.

Естеріңізге сала кетсек, Олимпиада чемпионы отандасымыз Данияр Елеусінов біраз уақыт бұрын кәсіпқой боксқа бір жола кеткен болатын.

Ол бұған дейін бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгоны (23-3, 12 КО) нокаутқа түсіріп, IBF титулын жеңіп алған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров