Атырау

Атырауда 6 жастағы бүлдіршін терезеден құлап кетті

Экспресс К

©ЭК

Атырау қаласында көп қабатты үйлердің бірінде ересек адамдардың қарауынсыз қалған 6 жастағы бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.

Оқиға маусымның 1-інен 2-сіне қараған түні болған. Үйінде басқа ересек адамы жоқ жалғыз басты ана сыртқа шығып кеткен қас-қағым сәтте бүлдіршін үшінші қабаттың терезесінен құлаған. Абырай болғанда, бала аман қалды. Бүлдіршін түрлі жарақаттармен Атырау облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, биыл жыл басынан бері тек Атырау қаласының өзінде ата-ана қарауынсыз қалған 6 бала көпқабатты үйлердің терезесінен құлап кеткен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров