Әжесінің ақшасын бәске тіккен баланың әрекеті әшкере болды

Оскар БЕК

©ЭК/Вндрей ХАЛИН

Ақмола облысының Еңбек ауылында құмар ойынның қызығымен әжесінің 848 мың теңгесін немересі бәске тігіп жіберген.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 14 мамыр күні белгісіз біреулер 70 жастағы тұрғынның банк карточкасынан 848 мың теңгені үптеп кеткен, деп хабарлайды "Экспресс-K".

Зейнеткер есеп шотында соқыр тиын да қалмағанын банкоматқа ақшасын шығарып алуға келгенде бір-ақ аңғарған. Тірнектеп жиған қаржысы қайда кеткенін білмей басы қатқан соң полицияның көмегіне жүгінеді.

Бірақ кейіннен ұрлықтың алыстан емес, үйіндегі немересінен келгені белгілі болды. Жасөспірім әжесінің телефонын пайдаланып, картаға байланған қосымша арқылы ақшаны ешкімге ескертпей букмекерлік кеңсенің есеп шотына аударып отырған. Ал операция орындалғаны жөнінде келген хабарламаны өшіріп тастаған.

Бұл жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 188 бабы, "ұрлық" дерегімен сотқа дейінгі тексеріс басталды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров