Семейлік студенттер сынақ жауаптарын хакерлік жолмен ұрлаған

Диас АЛТАЙ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Семейде дәрігер мамандығын оқып жатқан студенттер хакер болып шықты.

Медицина университетінің үшінші курс студенттері тест жауабы сақталған ақпараттық жүйені бұзып, дұрыс жауаптарды ұрлаған, деп хабарлайды "Экспресс К". Тіпті қолға түскен сұрақ-жауаптарды өзгелерге сатып, пайда тауыпты.

7 студент университеттің ақпараттық базасын бұзды деген күдікке ілігіп отыр. Олар жалпы медицина мамандығы бойынша білім алады екен.

Үшінші курс студенттері жазғы сынақтан сүрінбей өту үшін сұрақтардың жауабы сақталған ақпараттық жүйені бұзған. Осылайша дұрыс жауаптарды қолға түсіріп, болашақ дәрігерлердің барлығы оны жоғары бағаға тапсырған. Бәрінің бірдей "бес" деген баға алуы ұстаздардың күдігін тудырған.

Тексере келе құпия базаның бұзылғаны анықталды. Бүгінде күдікке ілінген студенттердің кейбірі кінәларын мойындап отыр. Сондықтан, олармен бірге оқитын үшінші курс студенттерінің барлығы сынақты екінші рет тапсыруға міндеттелді. Сонымен қатар, хакерлік шабуылға ұшыраған ақпараттық жүйе қалыпына келтіріліп, полиция тексеріс жүргізуде.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров