Тау басында қалып қойған туристер құтқарылды

Экспресс К

ТЖД

Алматы маңында шатқалдағы биік жартаста қиын жағдайда қалған екі турист құтқарылды, деп хабарлайды "Экспресс К".

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Мыңжылқы шатқалындағы биік жартастан екі туристі түсірді. Олар Шығыс Қазақстан облысынан келген саяхатшылар екен.

ТЖДТЖД
ТЖД

Олар Бастионға қарама-қарсы жартасқа көтеріліп өздігінен төмен түсе алмай қалған.

Бұл туралы ақпарат республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші пультіне 2-маусым күні келіп түскен. Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі былай деп хабарлады:

ТЖДТЖД
ТЖД

"Оқиға орнына жедел құтқару тобы аттанды. Республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары шапшаңдығы мен кәcіби шеберлігінің арқасында зардап шеккендерді тез арада іздеп тапты. Олар 50 градус еңістегі жартаста шамамен 3500 метр биіктікте болған. Сондай-ақ, оқиға орнына Алматы қаласының құтқару қызметінің қызметкерлері де келген"

Құтқарушылардың айтуынша, ол жаққа жету оңай болмаған. Жартастардан су ағып, үлкен тастар төменге қарай домалаған. Тіпті кей жерлерде қар мен мұз да кездескен.

ТЖДТЖД
ТЖД

"Төтенше жағдай қызметінің құтқарушылары альпинистік техниканы қолданып, барлық кедергілерді еңсере отырып, жастарды төмен түсірді", — деп атап өтті ведомство баспасөз қызметі.

Құтқарылған қыз бен жігіт қатты шаршаған әрі киімдері де мұндай саяхатқа арналмаған болып шықты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров