Алматы

Алматы әкімдігі әр шетелдік блогерге 600 мың теңге жұмсамақ

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Мақсат - Алматыны әлемге насихаттап, тамаша табиғаты мен тарих-мәдени әрі көрікті жерлерін әлемге танытып, еліміздің туризм саласын дамыту.

Жалпы шетелдік блогерлер мен журналистерге қала бюджетінен 26 млн. теңге қаржы бөлінеді. Бұл туралы Алматы қалалық туризм басқармасы туристік ақпарттық орталығы директорының орынбасары Аслан Қоңырханов айтты, деп хабарлайды "Экспресс К".

Бұл қаржы олардың жол ақысына қонақ үй, тамақтануы, медициналық көмек алуына, виза рәсімдеуіне, ағылшын тілінде гид аудармашыға жұмсалады. Жалпы шетелден 40 блогер шақырту көзделіп отыр. Алғашқы легі тамыз айына жоспарланған. Әзірге ешкіммен келісім жасалынған жоқ.

Басқарма өкілдерінің айтуынша бұл шараға отандық журналистер мен блогерлерді қатыстыру да көзделген. Алматыға келетін әрбір шетелдік турист күніне 100 АҚШ доллары көлемінде қаржы жұмсайды. Ал бұл блогерлер солардың келуіне айтарлықтай ықпал етіп, Алматыны жан-жақты жарнамалайды. Айта кетейік былтыр короновирус пандемиясына байланысты Алматыға келетін шетелдік турист саны 70 процентке азайып кеткен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров