Тағы да самокаттың әуресі (видео)

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Соққы қатты болып, самокат жүргізушісі көліктің үстімен ұшып түсіп қарсы бетке құлады.

Алматыда самокат пен жеңіл көліктің соқтығысқан сәті әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды "Экспресс К".

Шаһардағы Абай даңғылының бойымен самокат тізгіндеген ер адам бағдаршамның жанып-өшкен жасыл түсінен жылдамдықпен келіп өтіп кетпек болған. Алайда Абай даңғылымен келіп Тілендиев көшесіне солға қарай бұрылмақ болған жеңіл көліктің бірімен соқтығысты. Самокатты тізгіндеген 45 жастағы ер адам кейін ауруханаға жеткізілді.

Алмалы аудандық полиция басқармасының хабарлауынша қазір болған жол көлік оқиғасы бойынша әкімшілік іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров