Жүргізушілер тағы наразы

Экспресс К

© ЭК

«Ақтау-Жетібай-Шетпе-Бейнеу» тас жолында жүргізушілер арнайы тариф бойынша ақы төлеп қатынайтын болады.

Жүк көліктері бір шақырымға 5-25 теңгеге дейін, автобустар орындық санына байланысты 5-15 теңгеге дейін, ал жеңіл көліктер 1 теңгеден тариф төлейді. Жеңіл көліктер үшін 1000 теңгеге жылдық абонемент қарастырылған және қала, ауданаралық қоғамдық көліктер ақы төлеуден босатылады.

Бүгін Маңғыстаулық жүк көлік иелері Ақтауға кіреберіс жолда қарсылық шеруін ұйымдастырды. Олар ақылы жолға үзілді-кесілді қарсы, деп хабарлайды "Экспресс К"

© ЭК© ЭК
© ЭК

"Ақтау мен Алматы арасында 4200 шақырым жол жүреміз. Оның әр шақырымына 25 теңгеден төлейтін болсақ, барып-келуіміз 200 мың теңгеден асып кетеді. Одан бөлек көлігімізге құятын жанар-жағармайдың бағасы да қымбат. 1 литрі 190 теңге болғанда, жолымызға 1 тонна 700 литр солярка керек. Ал еңбек ақымыз 600-650 мың теңге арасы. Сонда тапқан табысымыздың жартысын сапасы сын көтермейтін жолға төлейміз бе? Біз бұған қарсымыз. Сондықтан жауапты басшылардан біздің уәжімізді тыңдап, оң шешімін шығаруды талап етеміз",-дейді Ақтау қаласының тұрғыны Дәулеткерей Жұмазанов.

Ал, БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ МОФ директорының орынбасары Қажымұрат Сүйеубаев қазіргі таңда жоғарыда аталған мәселеге байланысты ақылы жүйені енгізу мерзімдері мен төлемақы мөлшерлемелері талқыланып, ұсыныстар қабылдап жатқандығын мәлім етті.

Өңірдегі автожолдар әр 5 жыл сайын жаңартылып тұруы тиіс. Ал мемлекеттен бөлінетін қаражат жолды жөндеу жұмыстарының 40%-ына ғана жетеді. Сондықтан дауға айналған республикалық маңызы бар жолды күтіп ұстау үшін қосымша қаражат керек

дейдіҚажымұрат Сүйеубаев.

Жауапты мекеме өкілі жүргізушілердің төлемінен түсетін ақша осы жолдарды жөндеуге жұмсалады деп отыр.

Айта кету керек, инфрақұрылымды дамытудың "Нұрлы жол 2020-2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында елімізде 11 мың шақырым автожол ақылы жүйеге ауысады. Оның ішінде 5,8 мың шақырымы биыл іске қосылады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров