Еліміздің 10 өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Республикамыздың орталық бөлігінде нөсер жауын жауады. Ал, кей өңірлерде жел күшейіп, шаңды дауыл соғады деп болжанып отыр.

Қазгидромет жұма, 4 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің айтуынша, ертең еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды ауа ағымының әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Орталықта қатты жаңбыр жауады. Өзге аймақтарда жел күшейіп, шаңды дауыл соғады. Жалпы 10 өңірде дабылды ескерту жарияланды.

Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, найзағай ойнап, күн күркіреп бұршақ жауады. Соғатын желдің екпіні секундына 20-25 метрге дейін жетеді.

Атырау облысында ауа температурасы 36 градус ыстық болады, кей аудандарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Қызылорда мен Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соққан жел таңертең және күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен солтүстік-батысқа қарай ойысады.

Жамбыл облысы: кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл көтеріледі. 4-6 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғып, солтүстік-шығысқа қарай ойысады. Кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні секундына 25 метрге жетеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров