Күре жолда көлік өртеніп, екі адам тірідей жанып кетті

Экспресс К

Бейнеден кадр

Алматы-Қорғас жолында екі адам көлікте өртеніп кетті. Оның видеосы әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды «Экспресс К»

Қазақпарат тілшісінің жазуынша өртенген автокөлік ішінде екі жолаушының жанып кеткен денесі табылды. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Аталған ведомстваның баспасөз қызметінің хабарлауынша 2021 жылдың 3 маусымы күні сағат 17:59-да "Алматы-Қорғас" автожолының 82 шақырымында жеңіл автокөліктің өртенгені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орына төтенше жағдайлар қызметінің 4 қызметкері мен 1 техника шұғыл жеткен. Ол жерге ең жақын орналасқан өрт сөндіру бөлімі 45 шақырым жерде болған.

Төтеншеліктер тұрғындарға жолға шыққанда өте мұқият болуды ескертеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров