Құлан алғаш рет құлындады

Экспресс К

facebook.com/ACBK.kz

Құландар Пржеваль жылқысы секілді өте баяу көбейетін жануарлар қатарына жатқызылады.

Қостанай облысындағы дала жануарларын қайтара жерсіндіру орталығында алғаш рет құлан құлындады, деп хабарлайды "Экпресс К"

"Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы" мемлекеттік қоғамдық бірлестігі бқл жайында өздерінің Facebook әлеуметтік желісінде хабарлады. Құлындаған бие айғырмен бірге 2019 жылы қазан ойында Барсакелмес қорығынан әкелінген екен. Бұл — Орталық Қазақстандағы түрлердің популяциясын қалпына келтіру жобасы аясында іске асты.

— Қазір бие мен құлынның жағдайы қалыпты, үнемі бақылауда. Негізінен құландар төлдегенде оның құлыны бірден бауырын жерден көтере алады, 1-2 күнде өте ширақ қимылдай бастайды. Қоршалған аумақта қазір құлындаған бие мен құлыны және айғыры бір жерде бағылып отыр. Бұл орталықтағы төрт жылдағы алғашқы төл. Биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы мамандары құланның буаз екенін көктемде аңғарды, сол үшін жануардың мінез-құлқын мұқият зерттеліп, бақылауда болды, — делінген хабарламада.

Айта кету керек, 2017 жылдан бастап "Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы" бірлестігі ұлттық және халықаралық ұйымдармен бірлесіп, Жанкелдин ауданындағы айрықша қорғауға алынған "Алтын дала" мемлекеттік табиғи резерватынан 9 құланды жеткізген болатын. Осы жолғы Құландар Пржеваль жылқысы сияқты өте баяу көбейетін жануар. Биелері бесті шыққанда ғана қаша бастайды екен, ал арада 11 ай өткенде құлындайды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров