4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні


© ЭК
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер — бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамас атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран — мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы — белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.


Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары — белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.


Қазақстанның әнұраны — бұрын "Менің Қазақстаным" әні ретінде танымал болған. ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Музыкасы — композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі — Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет — 1992 және 2006 жылдары бекітілді.