Екінші дүниежүзілік соғыстың екі бомбасы залалсыздандырылды

Экспресс К

pobedarf

Германияда екінші дүниежүзілік соғыстан қалып қойған екі бомба табылып, залалсыздандырылды.

Саперлер табылған көлемді жарылғыш затты заласыздандыру жұмыстарын жүргізген сәтте, сол мағайдағы тұрғын үйлердің 15 мыңдай тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді.

Кеше түнде операция Ганновердің солтүстік-шығысында сәтті аяқталды, деп хабарлайды "Экспресс К" Германияның DW ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Барлық эвакуацияланған жергілікті тұрғындар туыстары мен жақындарының үйіне орналастырылды. Бұдан бөлек үй-жайлар мен мектептердің спорт залдары да арнайы дайындалды. Мұндай жағдайда тіпті пандемия кезінде әлеуметтік қауіпсіздікке қойылған шектеулер уақытша алынып тасталды.

Салмағы тоннаға жуық алғашқы әуе бомбасы 2 маусымда табылыпты. Келесі күні сол аумақты тексеру кезінде мамандар осындай көлемде тағы бір бомба тапты. Саперлер екеуін де жаспарға сай залалсыздандырды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров