Кәсіпкерлерге арналған мобильді қосымша қолданысқа енгізіледі

Экспресс К

©ЭК

Жаңа жоба кәсіпкерлік қызметті жеңілдетуге бағытталған.

Атап айтқанда6 жеке кәсіп ашуға және жабуға, салықтарды есептеу мен төлеуге, салық есептілігін толтыруға арналған электрондық "е-Salyq-Business" мобильді қосымшасы қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды "Экспресс К".

Сондай-ақ, "e-Salyq-Business мобильді қосымшасы онлайн режимінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, салық режимін таңдауға немесе өзгертуге, чек беруге, салық есептілігін қалыптастыруға, салық төлеуге, анықтама алуға және мемлекеттік кірістер органдарынан белгілі бір қызметтерді алуға мүмкіндік береді.

Жобаны әзірлеушілер салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуді, салық есептілігін толтыру мен ұсынуды, кірістер мен салықтардың есебін жүргізуді автоматтандырды.

"Е-Salyq-Business" жобасы пилоттық түрде шілде айында іске қосылады. Бірінші кезеңде қолданушылар саны шамамен 100 мың адамды құрайды деп жоспарланып отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров