Каспий жағалауында кинотеатр ашылды (Видео)

Экспресс К

Бейнеден кадр

Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары енді теңіз жағалауында тегін кино көреді. Ашық аспан астында ашылған кинотеатр аптаның сәрсенбі және жексенбі күндері жұмыс істейді, деп хабарлайды «Экспресс К»

Жағалауда орналасқан кинотеатрдың ашылғанына бір-екі күн болса да көрермендер саны өте көп. Фильмдердің афишасы әлеуметтік желіде алдын-ала жарияланып отырады.

Бұл бастаманы Ақтау қаласына жиі саяхаттап келетін алматылықтар ұйымдастырып отыр.

"Теңіз жағалауында халықтың демалып, көңіл-көтеретін орындары аз. Сондықтан осы жобаны 4 адам болып бірігіп, қолға алдық. Ең бастысы халық жақсы қабылдады. Сеанс болған күндері кинотеатр алды көрерменге лық толады. Алдағы уақытта жағалауды абаттандырып, фуд-корттар мен дүкен ашуды да жоспарлап отырмыз",-дейді ұйымдастырушылар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров