Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай қайтадан ушығып барады

Экспресс К

© Sputnik

Қырғызстанның Шекара қызметі қырғыз-тәжік учаскесінде тағы да жағдай ушыққанын хабарлады, деп жазады "Экспресс-К".

Қырғызстан Шекара қызметі өкілдерінің айтуынша, Тәжік тарапы бұған дейін жасалған келісімшарттарды бұзып Ош облысындағы "Чон-Алай" ауданының шекара маңындағы учаскесі "Үнжу-Бұлаққа" біртіндеп орналаса бастаған.

Нақты айтқанда6 олар 1 шақырым аумаққа дейін Қырғызстан территориясына еніп кетті, деп хабарлайды 24.kg.

Осы жағдайдан кейін Қырғызстанның ҰҚК төрағасы Қамчыбек Ташиев текетірестің мән-жайын анықтау үшін қақтығыс болған аймаққа келді. Оның айтуынша, тәжік тарапы екі мемлекет арасындағы татулық пен ынтымақтасты бұзып, қырғыз-тәжік шекарасындағы мәселені ушықтырды. Қазір қырғыз тарапының құзырлы органдарының басшылары шекара аумағына келіп, жағдайды өршітпей бейбіт жолмен реттеуге тырысып жатыр.

Естеріңізге салсақ, биыл 29 сәуірде қырғыз-тәжік шекарасында атыс болып, ол екі ел арасындағы қарулы қақтығысқа ұласқан болатын. Ол кезде екі жақ өзара қарым-қатынастарын реттей алғанымен, бұл жолы жағдай тағы да ушығып барады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров