320 млн теңгеден астам қаржы қазынаға құйылмаған

Экспресс К

© ЭК

Шымкентте мемлекеттік бюджетке түсуі тиіс 320 млн теңгеден астам қаржы қазынаға құйылмаған, деп хабарлайды «Экспресс-К».

Олардың ішінде жоғары сұраныстағы нөмірлерден түскен 44 млн теңге бар.

Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен салықтар және бюджетке төленентін басқа міндетті төлемдердің толық есептелуін, бюджетке төленуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік баждар мен алымдардың төленуіне үнемі бақылау жүргізіліп отырады.

Жақында уәкілетті органға тексеру жүргізу барысында 148 көлік иесіне жоғары сұраныстағы (VIP нөмір) мемлекеттік тіркеу нөмірі берілгені оның жалпы құны 44,4 млн теңгені құрғаны. Алайда қаржының мемлекет қазынасына түспегіні анықталған. Одан бөлек, 130 көлік иесінен механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін алынатын 123,2 млн теңге алым бюджетке түспеген. Сонымен қатар, қызмет бабымен көшіп келушілерден Қазақстан Республикасы аумағына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін 155,1 млн теңге жеке табыс салығы да бюджетке түспеген.

Жалпы мемлекеттік бюджетке барлығы 320 млн теңгеден астам қаржы түспей отыр,

деп хабарлады ведомство өкілдері.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров