«С» әлде «З»? Әріп дауы туа ма?

Диас АЛТАЙ

Ruh.kz

Елордада Шыңғыс хан туралы тағы бір тарихи туындының тұсауы кесілді, деп хабарлайды «Экспресс-К».

Оқырманға енді жол тартқан бұл кітап "Шыңғыз хан" деп аталады. Оны саясат ғылымдарының докторы Ержан Исақұлов пен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері Зәріпбай Оразбай бірлесіп жазған.

Кітаптың "Шыңғыз хан" деп аталуына тарихи кітаптардағы деректер себеп болған. Яғни ежелгі парсы, араб тілдерінде жазылған түпнұсқаларда ұлы жорықшының есімі Шыңғыз хан деп жазылған екен.

"Араб, парсы, шағатай тілінде жазылған еңбектерде "с" әрпімен аяқталатын нұсқа жоқ. Барлығы Шыңғыз хан деп жазған. Орыс тілінде де Чингиз хан деп жазылады. Бірақ аударма кезінде тілдік ерекшеліктерге байланысты "Шыңғыс хан" деп өзгеріп кеткен. Бұл дұрыс емес. Осындай қателіктерден қазақ, түркі тарихында бұрмалаушылық көп. Сондықтан біз кітаптың атын тұпнұсқада жазылғандай "Шыңғыз хан" деп қойдық" деді кітап авторларының бірі Зәріпбай Оразбай.

Ruh.kzRuh.kz
Ruh.kz

"Бұл кітаптар өте көлемді. Орта ғасырларда қалыптасқан ерекше жазба тәсілмен жазылған. Онда келтірілген деректер тым көп және шашыраңқы. Сондықтан оларды бірден түсіне қою өте киын. Сонымен қатар, олардың жазылғанынан бері талай ғасыр өтті. Содан бері түркі-моғол тайпалары да түрлі тармақтарға бөлініп, жаңа руларға айналды, жаңа атаулар алды. Ал олардың кейбіреулерінің ежелгі атаулары да, өзен-көлдер мен таулардың атаулары да ұмыт болып үлгерді.

Аталған еңбектерден мәлімет алу кезінде осылардын бәрін ескеріп, маңызды деректерді іріктеп алып, ықшамдап, бір жүйеге келтіріп, олардың негізінде осы тұсаукесерге себеп болып отырган "Шыңғыз хан" атты кітап дайындадық", — деді Ержан Исақұлов.

Ал "С" ма, "З" ма, ол туралы пікірді филологтарға қалдырдық.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров