Малға азық жеткізілетін болды

Экспресс К

©ЭК

Өңірді қуаңшылық жайлап, көтерем болып жатқан малды аман алып қалу үшін жем-шөп жеткізілетін болды, деп хабарлайды «Экспресс К»

Мұның алдында маңғыстаулық шаруалардың тығырыққа тіреліп, бағып отырған төрт түлігі қырылып жатқаны айтылған еді.

Осы орайда жергілікті шаруаларды мал азығымен қамтамасыз ету үшін Маңғыстауға Ақтөбеден жем-шөп әкелінеді.

Қос өңір арасындағы меморандум аясында Ақтөбе облысының Қобда ауданынан 10 мың гектар жер маусымдық шабындыққа берілді. Белгіленген жерде маңғыстаулық кәсіпкерлер шөп шауып, өз өңірлеріне азық жеткізуге толық мүмкіндігі бар.

Мал азығына қатысты құрылған арнайы штаб қазір Ақтөбе облысында іс-сапармен жүр. Келіссөз нәтижесінде Қобдадан бөлек Алға ауданы да 15 мың мая шөпті Маңғыстау облысына жіберетін болды. Байғанин, Темір, Ойыл, Мұғалжар аудандары шөп шабуға көмектесіп, қоспа жем-шөп, астық қалдығын беруге дайын.

Одан бөлек өңірге Оңтүстіктегі ағайындар да жоңышқа жіберуге келісіп отыр.

Айта кету керек, жыл басынан бері өңірде 1400-ге жуық жылқы, қой, түйе жегенге нәр таппай аштан қырыған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров