Тыйым салған жазбаны жариялағаны үшін кінәлі


© ЭК
28 жастағы ақтөбелік тұрғын «ВК» әлеуметтік желісіндегі парақшасына ел аумағында таратуға және пайдалануға тыйым салынған аудио материалды жариялаған, деп жазады «Экспресс К».
Бұл экстремизмге қарсы іс- қимыл және дін істері басқармаларының қызметкерлері бірлесіп жүргізген мониторингі кезінде анықталды. Полиция қызметкерлері ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 4-бөлігі (бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін, сол сияқты өзге де өнімді Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Оған 58 340 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.