Жеті жастағы бала терезеден құлап, ауруханада жатыр

Экспресс К

© ЭК

Ақтөбе қаласының «Батыс-2» ықшам ауданындағы бес қабатты үйдің терезесінен құлаған бала қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр, деп хабарлайды «Экспресс К»

Омыртқасы сынып, ішкі құрылыстары зақымданған. Оқиға кеше болған. Баланың анасы ұлы ұйықтап жатқанда дүкенге шығып кетіпті. Облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов балалардың барлығы қараусыз қалғандықтан осындай жазатайым оқиғаларға жиі ұшырап жататынын айтады.

Ата аналардың көпшілігі терезені жаппайды, шыбын-шіркейге арналған москит торына сенеді. Ал бұндай тор баланы құтқармайды. Сондықтан терезені мықтап бекітіп, арнайы тор орнату керек. Терезеге жақын жерге жиһаз қоймаған дұрыс,

деді департамент басшысы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров