Автокөлікпен қашқан балаға полицейлер оқ атты (Видео)

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Әлеуметтік желіде көлікпен полициядан қашып жүрген жасөспірімнің видеосы тарады. Ал қасында отырған әкесі қалай қашуды айтып отыр, деп хабарлайды «Экспресс К».

Оқиға 31 мамырда Арқалық қаласында болған. Видеода кәмелет жасына толмаған бала көлік тізгіндеп келеді. Оны байқаған патрульдік полиция тоқтатпақ болды. Алайда тәртіп сақшысы көлікті тоқтатуға бұйрық бергенімен баланың қасында отырған әкесі әдепсіз сөзбен жауап беріп, баласына қашуға бұйырады. Көлік жүргізушісі жолда бірнеше рет апаттық жағдай туғызды. Тәртіп сақшыларының қару қолданатындығы туралы ескертуін қаперлеріне де алған жоқ. Ақырында полицейлер қару қолдануға мәжбүр болған.

"Полиция қызметкерлері табельді қаруды қолданып, артқы дөңгелегін зақымдау арқылы автомобильді тоқтатты", — дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі. Тізгіндегі 14 жастағы бала, ал, оның қасында алдыңғы орындықта отырған әкесі масаң күйде болғаны анықталды. Оқиғаға қатысты екі әкімшілік хаттама рәсімделді. Енді бұзақы әке ӘҚК екі бірдей бабы бойынша жалпы көлемі 80 айлық есептік көрсеткіш, яғни 233 360 теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Ескерту: видеода бейәдеп сөздер бар!

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров