Банктегі 8 миллионын алаяқтарға өз қолымен аударып берді

Экспресс К

©️ЭК/Андрей ХАЛИН

Алаяқтар 44 жастағы әйелге телефон соғып, өздерін банктің қауіпсіздік қызметіненбіз деп таныстырған, деп хабарлайды «Экспресс-К».

Осылайша Петропавл қаласының тұрғыны алаяқтар құрған қақпанға өзіп келіп түскен. Алаяқтарға сеніп қалған әйел бар-жиған терген 8 миллион теңгесін бір-ақ сәтте әлгілердің есеп-шотына аудара салыпты.

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті өкілдерінің ресми мәліметі бойынша, алаяқтар аңқау жанға қоңырау шалып, өздерін банктің қауіпсіздік қызметінің өкіліміз деп таныстырған. Одан соң келіншектің есеп-шотында күмән тудыратын бір операцияның тіркелгенін айтады. Ал ақшадан айырылып қалмау үшін қаражаттты дереу "резервтік есеп-шотқа" аудару қажет деп кеңес берген.

Одан кейінгі жағдай белгілі: келіншек әп-сәтте сан соқты да қалды. Қазір ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров