Жезқазған

Қыздар қарамағаны үшін кегін өзгеден алды

Оскар БЕК

Pxhere

Жезқазғанда 20 жастағы жігіт өзіне бейтаныс мектеп оқушысын пышақтап тастаған, деп хабарлайды «Экспресс-К».

Оқиға 3 маусым күні болған. Полиция бөліміне 14 жастағы қыздың пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілгені жөнінде хабарлама түсіпті.

Жәбірленушінің айтуынша, үйінің қасында тұтқиылдан бейтаныс жігіт тап беріп, пышақ сұққан да қашып кеткен.

Сақшылар ізін суытпай 20 жастағы күдіктіні ұстады. Ол кінәсін бірден мойындады.

Айтуынша, қыздармен тіл табыса алмайтындықтан, олардан кек алуды ұйғарған. Осылайша, көшеге пышақ алып шығып, көзіне бірінші іліккен оқушыға атылған.

ҚР ҚК-ның 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров