Қырғызстан

Қырғызстанда әскери тікұшақ апатқа ұшырады

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Ми-8 тікұшағының бортында экипаж мүшелерін қосқанда 15 адам болған.

Әзірге белгілісі, апаттан 4 адам зардап шегіпті. Оның біреуінің халі ауыр, денесінің басым бөлігін күйік шалған. Ол Ош облыстық клиникалық ауруханасына жеткізілген. Қалғандары әскери госпитальға жөнелтілді, деп хабарлайды 24.kg. Мемлекеттік Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің баспасөз орталығының мәліметіне сүйене отырып.

Бүгін Шоң-Алай ауданындағы қырғыз-тәжік шекарасындағы мәселені реттеуге орталықтан 2 әскери тікұшақ шыққан. Оның бірі бортындағы 15 адаммен апатты жағдайда қонды. Екіншісінде МҰҚК басшысы Қамчыбек Ташиевте болған. Баспасөз орталығының хабарлауынша ведомство басшысы дін аман. Ал тікұшақ апатына қатысты әзірге басқа ақпарат берілген жоқ

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров