Бұдан былай жұмыс беруші қағаз анықтама әкелуді талап етпейді

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Алдағы уақытта жұмысқа тұру үшін ХҚКО-на барып, қағаз анықтама алу қажет болмай қалады, деп хабарлайды «Экспресс К».

Бұл туралы еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

Оның айтуынша, жұмыс берушіге қажетті құжаттарды бірден жіберетін жаңа сервис тестіленіп жатқан көрінеді.

"Азаматтарға да, бизнеске де қатысты процестер бар. Мысалы, жұмысқа қабылдау. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында немесе электрон үкімет порталынан алуға болатын анықтамалар миллион рет беріледі екен. Бизнес құрылымдар соттылығы туралы, психо-наркобақылау анықтамасы мен мекен жайын растауды талап етеді. Жыл соңына дейін сервис жасауды жоспарлап отырмыз, ол қазір тестіден өтіп жатыр. Оның көмегімен адамдар анықтамаларын ешқайда апармаса да болад", — деді ведомство басшысы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров