Әзірбайжан журналистері мінген көлік жарылып кетті

Экспресс К

Бейнеден кадр

Таулы Қарабақта жұмыс бабымен жүрген Әзірбайжан журналистері мінген көлік минаға түсіп екі адам мерт болды.

Журналистер мінген әскери жүк машинасы танкке қарсы қолданылатын минаға түсіп, жарылды. Апат салдарынан "АзТВ" телеарнасының операторы мен "АзерТАДЖ" ақпарат агенттігінің журналисі қаза болды, деп хабарлайды "Sputnik Азербайджан".

Жарылыс қазір Әзірбайжан республикасының бақылауындағы Келжабар ауданында болды. Сондай-ақ, автокөлікте өзгеде мемлекеттік БАҚ өкілдері, жол бастаушы жергілікті тұрғында болған. Олар түрлі деңгейде жарақат алды.

Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіле ме, жүргізілмей ме бұл турасында әзірге ешбір мәлімет жоқ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров