Қазақстан

Н. Қызайбай: Іріктеуге басқа қыз барды. Бірақ, жеңіліп қалды

Экспресс К

instagram.com / nazym_kyzaibay09

Жақында ғана Дубайда өткен бокстан Азия чемпионатында алтыннан алқа таққан Назым Қызайбайдың алдағы жазғы олимпиадаға бару, бармауы белгісіз болып тұр, деп хабарлайды «Экспресс К».

Бұл туралы боксшының өзі Алматы телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Сұхбат барысында, қыздар командасының Дубайдағы тамаша жетістіктері жайлы ой бөлісті. Алдағы жоспарларында айтып кетті. Және осы жазда Токиода өтетін жазғы олимпиада ойындарына әлі жолдама ала алмағанын айтып, ренішін білдірді.

"Осы жылы Әлем чемпионаты, Азия ойындары бар, бұйырса сол жарыстарға барамыз деп ойлаймын Олимпиадаға жолдама ала алмай жатырмыз, іріктеуге басқа боксшы қыз барған, бірақ жеңіліп қалды. Іріктеуге мені жібермеді. Егер барсам, жолдама алар едім деп ойлаймын. Азия чемпионатында менен жеңілген спортшылар Олимпиадаға жолдама алды. Ал біздің Олимпиадаға барып-бармайтынымыз әзірге белгісіз боп жатыр"-деді Азия чемпионы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров