Қарағанды облысы

БелАЗ жол талғамайтын көлікті жаншып тастады (видео)

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Видеода жол талғамайтын көліктің сау-тамтығы қалмағанын аңғаруға болады.

Қарағанды ​​облысындағы ашық кен орнында БелАЗ жол талғамайтын көлікті жаншып тастады, деп хабарлайды "Экспресс К".

Джипті сол алып жүк көлігінің салқындатқыш құралын жөндеуге келген жұмыс тобы мініп келген. Олар аңдамай жүріп мініп келген көліктерін БелАЗ-ға өте жақын жерге қойса керек. Оқиғаға сол көліктің жүргізушісі кінәлі дегенді айтады сондағылар.

Қарағанды ​​облысының полицейлері көлік апатының салдарын анықтап, екіұдайы пікірде.

Тәртіп сақшылары Suzuki X7 жүк көлігіне фреон құю үшін келген екен. Нәтижесінде қауіпті аумаққа еніп кеткен. Сондықтан 47 жастағы БелАЗ жүргізушісі орнынан қозғалған сәтте оны мүлде көрмеген. Көліктің сау-тамтығы қалмады, жаншыған сәтте ішіндегі адамдар шығып үлгеріпті.

Қазір бұл оқиға тергеп, тексеріліп жатыр. Тиісті сараптама нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров