Алматының өзендері ластанып жатыр

Экспресс К

© ЭК

Алматының өзен-бұлақтары қоқысқа толып барады. Бұл жағдай экологиялық апатқа әкелуі мүмкін.. Экобелсенділер осылай деп дабыл қақты. Осыған байланысты бұлақ пен өзендерді құжаттандыру бойынша қоғамдық комиссия құрылды, деп хабарлайды «Эксперсс К»

Эко белсенділердің айтуынша тұрғын үйлер мен өндірістік нысандар суға жақын салынған. Құрылыс ережелері сақталмаған. Одан шыққан қалдық су өзендерге құйылып жатыр. Ескертулерді елеп жатқан ешкім жоқ. Бұған қоса құрылыста қолданылған материалдар да өзен жағалауына төгіледі. Жазда демалушылар қосылып, жағдай мүлдем ушығып кетуі әбден мүмкін. Енді комиссия осының бәрін аралап көріп, су көздерін ретке келтіруді қолға алмақ. Жалпы Алматыда 20-дан аса өзен мен бұлақ бар екен.

"Бетімен кетіп, табиғатты аяусыз ластап жатқандарды тәртіпке көндіру үшін бізге прокуратураның көмегі керек. Су жағасындағы жекеменшік үйлер мен басқа нысандарға аттап басып кіре алмайсың. Ешкім жолатпайды. Ал, олардың моншасы, қала берді дәретханасы ағып жатқан суға өте жақын салынған. Мысалы, Казачка өзені бойындағы жеке тұрғын үй секторында осындай көрініс өте көп. Ал, ғимарат немесе нысан өзен-сулардан кемінде 35-100 метр жерде салынуы керек Бірақ, бұл талап өрескел бұзылуда. Дәл осындай жағдайларды Үлкен Алматы мен Есентай өзендерінің бойынан да анықтадық. Санитарлық норма дегенің атымен жоқ. Айыппұл көлемі өте төмен. Сондықтан заңды қатаңдату ткерек" дейді экобелсенді Салтанат Тәшімова

© ЭК© ЭК
© ЭК

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров