Алматыда әккі ұры ұсталды

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Сан тұрғынды қан қақсатып, қараусыз қалған велосипедтерін қолды қылған ұрының полицейлер ақыры жолын кесті,деп хабарлайды «Экспресс К».

33 жастағы күдікті негізінен "Ақкент", "Нұркент" және "Алатау сити" тұрғын үй кешендерінің ауласын торитын болған. Оңтайлы сәтті пайдаланып, аз уақытқа қараусыз қалған немесе үйлердің кіребересінде бекітпесіз тұрған велосипедті қолды етіп отырған. Артынша, арзан бағаға сатқан.

Бүгінгі таңда, құрылған жедел-тергеу тобы осы күдікті жасаған бес ұрлықты ашты. Ол қазіргі уақытта ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның осыған дейін ашылмаған қылмыстарға қатысын тексеру жұмысы жүріп жатыр,

дейді Алатау аудандық полиция бөліміндегілер.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров