Батыр Зере марапатталды

Экспресс К

ТЖД

Бүгін Зере қыз ауруханадан шықты.

Алматы облысының Шарын шатқалында нөсер жаңбыр салдарынан болған су тасқыны кезінде, аман қалған 11 жастағы Зере марапатталды, деп жазады "Экспресс К". Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің Алғыс хаты оның ата-анасы да берілді.

Алғыс хатты Министрдің атынан Алматы қаласы ТЖ департаментінің бастығы табыстады. Зеренің ата-анасы- Ұлан Бисембайұлы мен Жания Шымырбекқызына батыл, ержүрек қыз тәрбиелегені үшін, ал кішкентай Зереге төтенше жағдайларда төзімділік, қайсарлық және өмір сүру әдістерін дұрыс қолданғаны үшін алғыс айтты.

ТЖДТЖД
ТЖД

лматы қаласындағы №199 гимназиясының оқушысы Бисембай Зере Ұланқызы табиғи апат салдарынан қауіпті жағдайға тап болып, орын алған жағдайларды байыппен сабырлы бағалап, өмір сүрудің практикалық дағдыларын қолдана білді. Бұл жағдай еліміздің азаматтары үшін өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету дағдыларын игеру және батылдық, байсалдылық және күйзеліске қарсы тұру сияқты тұлғалық қасиеттерді тәрбиелеуде үлгі болып табылады", — деп жазылған Министрдің хатында.

ТЖДТЖД
ТЖД

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров