Қырғыз Президентінің кортежі жол апатына түсті: көз жұмғандар бар

Экспресс К

© Sputnik

Қырғыз Президенті Садыр Жапаровтың кортежі жол көлік апатына ұшырады. Кортежге міндетті жағдайда ілесіп жүретін автокөліктің бірі ауыл маңында қарсы бағытқа шығып кетіп өзге жеңіл көлікпен соқтығысқан, деп хабарлайды "Экспресс К".

Бұл туралы Қырғыз президентінің баспасөз қызметі арнайы ақпарат таратты.

Оқиға Ыстықкөл облысында болды. Жол көлік оқиғасының салдарынан Қырғыз Мемлекеттік Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің бір қызметкері қаза тапты, үш адам жарақат алды. Президент баспасөз қызметінің дерегінше, қарсы жолаққа шыққан көліктің жүргізушісі мас болған.

Ақпаратта президент Садыр Жапаровтың өміріне ешқандай қауіп төнбегені айтылған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров