Өртенген көлікте тірідей жанған жолаушылардың видеосы жарияланды

Экспресс К

Бейнеден кадр

Тас жолда келе жатып өртенген көлікке көмектеспек болған куәгер оқиғаның видеосын жариялады, деп хабарлайды «Экспресс К».

Өртенген көлікті байқап тоқтай сала дереу көмекке жүгірген жүргізуші өрт сөндіретін құрылғымен жанып жатқан машинаны өшірмекке ұмтылды. Алайда ол мүмкін болмады. Осы сәттің видеосы артынан келіп тоқтаған көліктің бейнетіркегішіне түсірілген. Жалын басталған сітте алдыңғы есіктен ер адам қашып шықты, көліктің артқы есігі ашылғанмен ешкім шықпады, жолаушылар үлгермегенге ұқсайды. Себебі жалын бірден шарпып көлік демде өртке оранды.

Екі әйел адам тірідей жанып кетті. Мен көмектесуге барынша тырыстым. Бірақ өртті өшіру мүмкін болмады,

деп жазған видео авторы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров