Түркістан облысы

Тойханалар кітапханаға айналып жатыр

Экспресс К

Түркістан облысы, Сайрам ауданында бір жылдың ішінде тойхана, кеңсе, мейрамханалардың орнына 3 кітапхана ашылды, деп хабарлайды «Экспресс К»

Барлығы кітапхана үлгісімен қайта жабдықталды. Ауданның кәсіпкерлері білім саласына қайырымдылық жасап, пандемия басталғалы тоқтаған тойханадардың жұмысын басқа салаға бұруда.

Сайрам ауданының әкімдігінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, "Ауыл — ел тірегі" жобасы аясында демеушілер есебінен үш жаңа кітапхана ашылды.

Мәселен, Қарабұлақ ауылында жеке кәсіпкер өзінің жеке салтанат сарайының бірінші қабатын кітапханаға айналдырды. Қазір мұнда интернет желісі тартылып, кітап қоры жинақталуда. Сәні мен салтанаты келіскен сарай енді тойшыл қауымға емес, білімпаз жастарға қызмет көрсетеді.

Бұдан бөлек, Қарамұрт ауылдық округіндегі ашылған кітапхана да жеке кәсіпкердің сыйы. Бұрын мейрамхана болған ғимаратта бүгінде оқырманға жағдай жасалған. Бүгінде аудандағы 21 кітапханада 347 337 кітап қоры бар екен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров