COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 392884, ЖАЗЫЛҒАНДАР 364975, ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 4042


©ЭК/Андрей ХАЛИН
Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 1 мың 189 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлады сенбі күні Сovid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).
Бір күн бұрын елде 1 мың 319 Сovid-19 оқиғасы анықталды.
Пандемия басталғаннан бері елде Сovid-19-дың барлығы 392 мың 884 жағдайы расталды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында — 181,
Алматы қаласында — 161,
Шымкент қаласында — 49,
Ақмола облысында — 77,
Ақтөбе облысында — 28,
Алматы облысында — 65,
Атырау облысында — 59,
Шығыс Қазақстан облысында — 87,
Жамбыл облысында — 31,
Батыс Қазақстан облысында — 90,
Қарағанды облысында — 195,
Қостанай облысында — 38,
Қызылорда облысында — 11,
Маңғыстау облысында — 31,
Павлодар облысында — 59,
Солтүстік Қазақстан облысында — 10,
Түркістан облысында — 17.
Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 364 мың 975 адам қалпына келді, оның ішінде соңғы тәулікте 1 мың 371 адам.