Скаттан тағы ақау шығып, рейстер кешіктірілді

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Еліміздегі ірі әуе компанияларының бірі болып табылатын "Scat" әуекомпаниясынан тағы да мәселе шықты. Бұл жолы жолаушылар ұшу уақытынан барынша кешігуде. Себеп, компанияға тиесілі әуе кемесінен ақау шыққан, деп хабарлайды "Экспресс К".

Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шәлекеновтің айтуынша,"Scat" авиакомпаниясының "Нұр-Сұлтан — Атырау" бағытындағы ұшағынан ақау шыққан. Сол себепті кесте бойынша 13:55-те ұшуға тиіс "Нұр-Сұлтан -Атырау" бағытындағы 765-ші рейстің уақыты алдымен 18:00-ге одан кейін 19:30-ға артынан 00:00-ге шегерілгені хабарланған.

Артынша, осы компанияға тиесілі,"Нұр-Сұлтан — Ақтөбе" бағытындағы тағы бір рейсі ұшып шығу кестесінен ауытқығаны белгілі болды. "Себеп — әуе кемесінің кешігіп келуі", — деп нақтылады Ә.Шәлекенов. "Жолаушылардан түсіністікпен қарауды сұраймыз. Себебі жолаушылардың қауіпсіздігі бірінші маңыздылықта. Рейстердің ұшып шығуы бойынша барлық сұрақтарды "Scat" авиакомпаниясына және осы мекеменің Call-орталығына жолдауды сұраймыз", — деп қосты ол.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров