Қарағанды

800 млн тенге алаяқтардың қалтасында кетті

Оскар БЕК

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қарағандыда кезекті қаржы пирамидасы 300 ден астам тұрғынның 800 миллион теңгесін қалтасына басты, деп хабарлайды "Экспресс К".

Күдіктілердің үйін тінту кезінде тергеушілер мөр, бланк пен құжаттар тапты. Негізінен жоғары пайызбен пайда көремін деп аузын ашып, көзін жұмып сенгендер осы ұйымның торына түскен. Араларында ең көп шығындалғаны 70 мың доллар өз еркімен санап берген.

Жалпы келген шығын көлемі 800 миллион теңгеден асып түседі. Қаржы пирамидасы бес жыл бойына мұртын балта шаппай жайбарақат жұмыс істеп келген. Алданғандардың саны қазіргіден де көп болуы мүмкін.

Қарағанды облыстық Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, бұл ұйымды "Лидер капитал 168" мекемесі ұйымдастырған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров