Ұсталған күдікті елге экстрадицияланды

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Елімізден Бахрейн мемлекетіне қыздарды жыныстық қатынастарға түсу мақсатында пайдалану үшін жіберіп отырған трансұлттық ұйымдасқан топтың басқарушысы ұсталды, деп хабарлайды "Экспресс К".

Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бахрейн Корольдігінен Зарифа Османованы экстрадициялады.

Оған, адам саудасымен айналысты деген қылмыстық күдік тағылып отыр.

Бас Прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті біраз уақыт қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалап жүрген. Оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Бүгін ол Қазақстанға экстрадицияланып, Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров