Ақтөбедегі террорлық актіге 5 жыл: Қаза тапқан сарбаздарға тағзым етілді

Экспресс К

© ЭК

2016 жылы 5 маусым күні Ақтөбеде бір топ лаңкестер №6655 әскери бөліміне шабуыл жасап, басып алмақ болды. Террористер қару сататын «Паллада» және «Пантера» дүкендеріне басып кірді. Осы террорлық акт кезінде жеті адам қаза тапты. Биыл аталған оқиғаға бес жыл толып отыр. Осыған орай №6655 әскери бөлімінде қарулы қақтығыс кезінде қаза тапқан әскери азаматтарды еске алу шарасы өтті. Әскери бөлімнің үш қызметкері оқиға кезінде террористерге қарсы шығып, қаза тапқан болатын. Қарулы топ сол күні екіге бөлінеді. Бірінші топ қару -жарақ дүкендеріне қара бағыт алса, екінші топ әскери бөлімді басып алмақ болады. №1 бағыттағы автобусты тоқтатып, мініп алған топ, әскери бөлімнің қақпасын бұзып кіреді. Лаңкестерге қарсы шыққан, яғни келсім шарт бойынша іскери міндетін атқарып жүрген Берік Қалиев, мойор Даниэль Майлыбаев, қатардағы жауынгер Досбол Сапаров оққа ұшады.

© ЭК© ЭК
© ЭК

Еске алу шарасына Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Орақова, Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров қатысты. Сондай-ақ қаза тапқан азаматтардың ата- аналары мен жақындары келді. Қазір зейнетте, бірақ 2016 жылы келісім шарт бойынша әскери міндет тақарған Жеңіс Талдыбаев сол күнгі оқиғаны былай деп еске алады:

© ЭК© ЭК
© ЭК

-Сол күні кезекшілікте болдым. Сағат 3-ке 20 минут қалғанда сыртқы қақпада қатты соққы болды. Не болғанын білмек болып сыртқа шықтым. Автобустан он -он бес шақты адам атып шықты. Дереу солдаттарды ішке кіргіздім. Бронежилет кигіздім. Кезек бөліміне кіргізіп, ішке дабыл бердім. Шабуыл жасалып жатқанын айттық. Сол кезде Досбол Сапаров, Даниэль Майлыбаев, Берік Қалиев есімді қызметтес достарымыз қаза тапты. Бұл оқиға бәрімізге сабақ болды,- дейді Жеңіс Табынбаев.

Облыс әкімінің орынбасары бастаған топ пен қаза тапқан әскерилердің жақындары гүл шоқтарын қойды.

© ЭК© ЭК
© ЭК

Алматыдан Даниэль Майлыбаевтың ата-анасы мен балалары келді.

© ЭК© ЭК
© ЭК

-Екі балам бар. Даниель үйдің үлкені еді. Артында төрт баласы қалды. Немерелерімізді ертіп келдік. Баламызға арналған музейді көрдік,

деді Даниельдің анасы Гүлстан Есенқызы.

© ЭК© ЭК
© ЭК

Сондай-ақ қазақ тапқан әскерилердің құрметіне самбодан жарыс өтті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров