Атырауда жұмысшылар уланып қалды

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Атырауда газ-химия кешенін салып жатырған «Bazis Construction» ЖШС-нің 23 жұмысшысы тамақтан уланып, ауруханаға жеткізілді, деп жазады “Экспресс-К”.

3 маусым күні түскі астан кейін 23 жұмысшы өздерін жайсыз сезініп, мекеменің дәрігерлік пунктіне жүгінген. Жағдайлары оңалмаған соң оларды Атырау облыстық №2 ауруханасына жеткізген.

Сағат 19:45 шамасында бірден 21 адам ауруханаға жеткізілді. Олардан кейін тағы 2 жұмысшыны мекеме көлігі алып келді. Барлығының бастары ауырып, іштері өтіп, құсты. Сондай-ақ әлсіздік байқалды. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді,- дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Дәрігерлер науқастарға "ас токсикоинфекциясы" диагнозын қойды. Алдын-ала тексеру нәтижесі бойынша, мекеме асханасында санитарлық талаптар сақталмаған.

Облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастап кетті.

Асхана уақытша жабылып, компанияның өзге 300-ден астам жұмысшысы дәрігерлердің бақылауына алынды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров