Қора өртеніп, ішінде тұрған бірнеше бас мал тірідей жанып кетті

Экспресс К

ТЖД

Қостанайда қора өртеніп, іште тұрған бір жылқы мен 12 бас қой тірідей жанып кетті, деп хабарлайды «Экспресс К».

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша 4 маусым күні күндіз сағат 2-де қаладағы Цветоная көшесінде 150 шаршы метр аумақта қора өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 14:57-де келіп, жалынды сөндіруге кірісті.

"Өрт жақын тұрған жеке тұрғын үйдің ауласына және көрші үйге таралып кету қауіпі бар еді. Өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 15 маманы мен 4 техникасы бұған жол бермеді. Қорамен бірге оның ішінде тұрған бір жылқы мен 12 қой өртеніп кетті. Сондай-ақ, өрт кезінде сонда жүрген жалдамалы жұмысшы зардап шекті. Беті мен қолы күйген ол дәрігерлердің көмегіне жүгінуден бас тартты", — деп хабарлады төтеншеліктер.

ТЖДТЖД
ТЖД

Қора өртенгенде қожайындары үйде болған, олар жалын тұтанғанын білмеген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров