Түркия Қара теңізде жаңа газ кен орнын тапты

Экспресс К

aa.com

Түркия Қара теңізде көлемі 135 миллиард текше метр болатын жаңа газ кен орнын тапты, деп хабарлайды "Экспресс К" rbc.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.

"Фати" бұрғылау кемесі Сакария аймағындағы Амасра-1 ұңғымасында көлемі 135 миллиард текше метр жаңа табиғи газ кен орнын ашты, — түрік басшысы.

Ұңғыманың аумағында бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Табиғи газды теңізден құрлыққа жеткізу үшін атқарылатын жұмыс үш кезеңмен жүзеге асады. Бірінші кезеңде теңіз түбінде табиғи газ өндіру жүйелері орнатылса, екінші газ өңдеу қондырғысы іске қосылады, ал үшінші құбыр тартылады.

Ердоған осылайша Түркия Қара теңізде тапқан табиғи газ қорының жалпы көлемі 540 миллиард текше метрге жеткенін атап өтті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров