Коронвирусты жеңудің бір-ақ жолы - вакцина

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Атақты аллерголог-иммунолог Рафаэл Розенсон пандемияның аяқталуы туралы өз пікірімен бөлісті.

-Біз пандемия аяқталған (Израиль) және аяқталуға жақын қалған мемлекеттер барын білеміз (АҚШ және Ұлыбритания). Бұл елдерде вакцина алған адамдар 70 пайызға жеткеннен кейін ауырғандар саны төмендеді. Мысалы, бүгінде Израиль медицинасы мүмкіндігінің жоғары екендігіне қарамастан бұл елде 40-қа жуық адам жан сақтау бөлімінде жатыр. Тіпті қайтыс болғандары да бар. Өйткені бұл өте ауыр дерт, — деді Рафаэль Розенсон Денсаулық сақтау министрлігінің дәріс залында сөйлеген сөзінде.

Рафаэль РозенсонРафаэль Розенсон
Рафаэль Розенсон

Иммунолог өз сөзінде Италия, Испания және АҚШ-ты мысалға ала отырып, өткен жылғы шығындарға қарағанда биыл алған вакцина оң нәтижесін бергенін атап өтті.

Былтыр індет өршіген Италия мен Испания да желтоқсан айынан екпе алуды бірінші болып бастады. Наурыз айына дейін халықтың 65 %-і екпе салдырса, Америка Құрама Штаттарында қаңтарда басталып, мамыр айында айтарлықтай оң нәтижелерге жетті, яғни 70% -ы екпе алып, ауру жұқтырғандар қатарының азайғанын көрсеткен. Қазіргі таңда британиялықтар да екпе мәселесіне дұрыс көзқарас білдіріп отыр. Сондықтан аллерголог дәрігер инфекцияны тек жаппай вакцинациялау арқылы жеңуге болатынын айтады.

"Вакцинаны қолдамайтындар қанша шу шығарса да, бәрібір әлемдегі екпе алған адамдардың 75% -дан астамының жағдайы қалыпты болып отыр. Жағдай тұрақталады, себебі вирустың бірінен екіншісіне өте оңай секіріп, өзін-өзі ұстап тұруына ешқандай мүмкіндіктер болмайды. Бұл аурудан құтылудың бір ғана жолы ахлық санының кем дегенде 70-75% -і екпе алу керек (Қазақстанда дерттің таралу деңгейі төмендеді-ред.). Дегенімен біз бұл деңгейге қашан жетеміз? Менің түсінуімше, Қазақстанда айына 2 миллион екпе жасай алатын мүмкіндік бар. Егер біз осындай қарқынмен жүретін болсақ, онда қыркүйектің соңына дейін ұжымдық иммунитеттің 60%-тік индикаторын қалыптастырып, 11 миллион тұрғын екпе алар еді,"- деп қорытындылады Р.Розенсон.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров