6 жастағы бала терезеден құлап кетті

Экспресс К

© ЭК

Атырауда 6 жастағы ер бала терезеден құлап кетті, деп жазады «Экспресс-К».

Абырой болғанда оқыс оқиғадан бала аман қалды, алайда жансақтау бөлімінде жатыр.

Баланы анасы көшеде серуендетіп болған соң, үйлеріне кеш оралған. Көлікте бала ұйықтап қалғандықтан анасы оны оятпастан пәтерге көтеріп алып келіп жатқызған. Артынша көлікте қалған заттарын алуға кеткенде бала ұйқыдан оянып, терезе жақтауына шығып, үшінші қабаттан сыртқа құлап кеткен.

— Зардап шекен бала аман қалды. Ол түрлі жарақаттармен Атырау облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды,

деді облыстық полиция департаментінің баспасөз-қызметі.

Айта өту керек, жыл басынан бері Атырауда 6 бала терезеден құлап кеткен.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров